Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Биыл Ресейде жаңа музыкалық байқау өтеді

Биыл Ресейде жаңа музыкалық байқау өтеді

Биыл Мәскеуде Сергей Рахманинов атындағы пианистердің, дирижерлер мен композиторлардың бірінші халықаралық музыкалық байқауы өтеді. Іс шара іріктеу және бірнеше кезеңнен тұрады. Байқауға 16-32 жасқа дейінгі пианистер, 40 жасқа дейінгі дирижерлер қатыса алады. Ал композиторлардың жас ерекшелігіне шектеу жоқ. Барлығы 25 пианист, 20 дирижер және 40 композитор тыңдаудан өтеді. Жеңімпаздарға ақшалай сыйақы қарастырылған. Байқауды төрт жыл сайын өткізу жоспарлануда.