Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

«Астана Операның» әншісі Башқұртстанның халық әртісі атанды

«Астана Операның» әншісі Башқұртстанның халық әртісі атанды

«Астана Операның» жетекші солисі Альфия Каримова «Башқұртстан Республикасының Халық әртісі» атанды. Марапатты әншіге Қазақстанға үш күндік ресми сапармен келген Башқұртстан басшысы Радий Хабировтың өзі табыс етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 2015 жылы Альфия Каримова «үздік әйел дауысы» номинациясында The opera ball award сыйлығын алды. Әнші көптеген халықаралық байқаулардың жеңімпазы. Сондай ақ оны халықаралық жобаларға қазылық етуге жиі шақырады. Альфия Каримова Ұлыбританияда, Ресейде және Қазақстанда талантты әншілерді іріктеуге атсалысқан. Опера әншісі ұстаздық қызметпен де айналысады. Қазақ ұлттық өнер университетінде вокалдық өнер және дирижерлеу кафедрасында сабақ береді. Сондай ақ оның есімі Италия, Испания, Нидерланд, АҚШ, Канада, Түркия, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Ресей және ТМД елдеріндегі концерт залдары мен театрларының афишаларына жиі жазылады.