Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Драма.kz заманауи драматургия фестивалінің шорт-парағы жарияланды

Драма.kz заманауи драматургия фестивалінің шорт-парағы жарияланды

Драма.kz заманауи драматургия фестивалінің шорт-парағы жарияланды. Биыл байқауға қазақстандық авторлардан 53 пьеса келіп түсті. Сарапшылар оның тоғызын іріктеп алған. Енді фестиваль барысында таңдалған пьесалардың оқылымы өтпек. Әр оқудан кейін авторлардың, аудиторияның және театр мамандарының қатысуымен талқылау ұйымдастырылады. Бұл шара, мәтіннің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Драматург сахнадан өз пьесасын көріп, тыңдайды және талқылау кезінде сарапшылар мен көрермендердің бағасын алады. Өз кезегінде, оқуға қатысатын режиссерлер мен актерлер заманауи драматургиямен, жаңа тақырыптармен, жаңа тілмен жұмыс істеуге мүмкіндік алады. Сондай-ақ "Драма.KZ" фестивалінің білім беру бағдарламасы бар. Фестивальдің көркемдік жетекшісі Олжас Жанайдаров драма теориясы мен тәжірбиесі бойынша шеберлік сыныптарын өткізеді. Айта кетейін, бесінші Драма.KZ фестивалі 23-25 қазан аралығында Алматыдағы Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының, ARTиШОК және Лермонотов атындағы драма театрдың сахнасында өтеді.