Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Нұр-Сұлтанда Бибігүл Төлегенова атындағы вокалистер байқауы өтуде

Нұр-Сұлтанда Бибігүл Төлегенова атындағы вокалистер байқауы өтуде

Нұр-Сұлтанда Бибігүл Төлегенованың ХI халықаралық вокалистер байқауы өтуде. Өнер додасы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен белгілі әнші шығармашылығының 70 жылдығына орай өткізіліп отыр. Биыл конкурсқа елімізбен қатар, Ресей, Өзбекстан, Армения, Қырғызстан, Тәжікстан сынды елдерден келген 70-ке жуық вокалист қатысады. Әншілердің дарынын әлемге белгілі өнер иелері бағалайды. Байқаудың салтанатты ашылуында Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қатысып, Мемлекет басшысының ыстық лебізін жеткізді. Байқауға 19-32 жас аралығындағы әншілер қатысып жатыр. 3 күндік іріктеуден дарынымен дараланғандар 11 қазанда соңғы турда бақ сынайды. Марапаттау, гала-концерт пен байқаудың салтанатты жабылуы 12 қазанда болады. Ал тыңдаулар ашық түрде өтеді. Соңғы турға жіберілетін қатысушылар саны 14-тен аспайды.