Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Жамбыл атындағы филармонияда Нұрғиса Тілендиевті еске алу кешi өтеді

Жамбыл атындағы филармонияда Нұрғиса Тілендиевті еске алу кешi өтеді

15 қазанда Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармонияда КСРО халық артисі, Халық қаһарманы, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегері, композитор, күйші, дирижер Нұрғиса Тілендиевті еске алу кешi өтеді. Сахнада Нұрғиса Тілендиев атындағы мемлекеттік академиялық фольклорлы-этнографиялық «ОТЫРАР САЗЫ» оркестрі және Бақытжан Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласы өнер көрсетеді. Дирижерлер Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Жалғасбек Бегендіков және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мүсілім Әмзе. Жеке орындаушылар арасында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Мейрамбек Бесбаев, Дина Хамзина, Нұржан Жанпейісов бар.