Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

«Астана Балет» алғаш рет Дубай опера сахнасында өнер көрсетеді

«Астана Балет» алғаш рет Дубай опера сахнасында өнер көрсетеді

27-30 қазан аралығында «Астана Балет» театрының Дубайға гастролі өтеді. Астаналық ұжым өзінің үздік туындылары мен әйгілі қойылымдарын алғаш рет Дубай опера сахнасында көрсетпек. 27-ші қазанда хореограф Юрий Григоровичтың Ариф Меликов музыкасына қойылған «Махаббат туралы аңыз» спектаклі көрсетіледі. Қойылымда құштарлық, махаббат пен борыш сезімі арасындағы күрес суреттеледі. Гастрольдік сапардың өзге күндері театрдың бас балетмейстері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мукарам Авахри қойған «Бейбарыс сұлтан» спектаклі көрсетілмек. Музыка авторлары – қазақстандық композиторлар Хамит Шаңғалиев пен Әлибек Әлпиев. Айта кетейік, «Астана Балеттің» Дубайға гастролі Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында, Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтеді.