Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

«Алатау» дәстүрлі өнер театрында «Ән – Мұхит» музыкалық қойылымының тұсаукесері өтті

«Алатау» дәстүрлі өнер театрында «Ән – Мұхит» музыкалық қойылымының тұсаукесері өтті

«Алатау» дәстүрлі өнер театрында әйгілі композитор, ақын Мұхит Мерәліұлының 180 жылдық мерейтойына орай «Ән – Мұхит» музыкалық қойылымының тұсаукесері өтті. Сценарийін жазған - ақын-драматург, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Иран-Ғайып. Қойылым режиссері – Жұлдызбек Жұманбай. Басты кейіпкер образын Нұрболат Исаев сомдады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Спектакльдің басты ерекшелігі – этнофольклорлық ансамбльдің сүйемелдеуімен жанды дауыста өтті. Сонымен қатар қолданылған музыкалық материалдың барлығы – ансамбль артисі, қобызшы Нұрболат Қыдырбаевтың арнайы қойылым үшін жазылған авторлық дүниелері. Аталмыш қойылымда Мұхиттың халық арасында кең тараған «Айнамкөз», «Зәуреш», «Таңкөйлек» және тағы басқа әндері орындалып, өнерпаздың өмір жолындағы ащы шындық бейнеленді.