Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

«Астана Опера» домбырашы Рысбай Ғабдиевтің 85 жылдық мерейтойын атап өтеді

«Астана Опера» домбырашы Рысбай Ғабдиевтің 85 жылдық мерейтойын атап өтеді

«Астана Опера» шебер домбырашы, дирижер әрі ұстаз, Қазақстанның Халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері Рысбай Ғабдиевтің 85 жылдық мерейтойын атап өтпек. Осыған орай 12 қазанда Күләш Байсейітова атындағы Камералық зал сахнасында «Қос ішектің қуаты» атты мазмұнды концерт өтеді. Еске алу кешіне танымал қазақстандық музыканттар – көрнекті маэстроның әріптестері, шәкірттері мен ізбасарлары, сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясының қазақ оркестрі қатысады. Айта кетейін, Рысбай Ғабдиевтің репертуарына қазақ халық композиторлары – Құрманғазы, Дина, Дәулеткерей, Абылдың күйлері енген. Сондай-ақ ол домбырада ойнауды үйрету әдістемесі бойынша кітаптар жазған.