Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Марат Бисенғалиев әлемдік қоғамдастықтың назарын Арал теңізінің мәселелеріне аудартқысы келеді

Марат Бисенғалиев әлемдік қоғамдастықтың назарын Арал теңізінің мәселелеріне аудартқысы келеді

Әлемге әйгілі қазақстандық скрипкашы және дирижер Марат Бисенғалиев әлемдік қоғамдастықтың назарын Арал теңізінің мәселелеріне аудартқысы келеді. Ол EXPO көрмесі кезінде Дубай операсының сахнасында «Mission Aral» атты симфонияның премьерасын ұсынбақ. Импресарио Эльбрус Имамбаевтың айтуынша, туындының тұсаукесері келесі жылдың наурыз айында өтуі мүмкін. Қазір тиісті келіссөздер жүргізіліп жатыр. Жоба қолдау тапса, премьера әлемдік арналардың тікелей эфирінде көрсетіледі. Сондай-ақ Эльбрус Имамбаевтың пікірінше, «Mission Aral»-дың болашақта сәтті коммерциялық жобаға айналу мүмкіндігі бар. «Қазақстандық мәдениет осы жобаның жетістікке жетуіне мұқтаж», - дейді ол.