Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

«Астана Операда» Гаэтано Доницеттидің «Махаббат сусыны» операсы өтеді

«Астана Операда» Гаэтано Доницеттидің «Махаббат сусыны» операсы өтеді

13 қазанда «Астана Опера» Гаэтано Доницеттидің ең танымал операларының бірі – «Махаббат сусынын» ұсынады. Осынау керемет күлдіргі опера тамаша әуендерге толы. «Махаббат сусыны» небәрі екі апта ішінде жазылған, онда көне опера-буффа мен классикалық романтикалық мелодрама дәстүрлері тоғысады. Елордалық театрдағы бұл спектакль көрермендерге дирижер Алан Бөрібаев пен француз режиссері Арно Бернардың қойылымында жол тартады. Сценограф әрі костюмдер бойынша суретші – итальяндық шеберлер Эцио Фриджерио мен Франка Скуарчапино. Солистерге дайындықты тәжірибелі вокал бойынша кеңесші Анатолий Гусев жүргізді (Италия). «Астана Опера» театрының керемет хоры да Гаэтано Доницеттидің күлдіргі жауһарының басты кейіпкерлеріне айналмақ.