Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

11 үздік театр ұжымы Нұр-Сұлтанда өтетін фестивальде өнер көрсетеді

11 үздік театр ұжымы Нұр-Сұлтанда өтетін фестивальде өнер көрсетеді

Нұр-Сұлтанда театр апталығында жиырмадан астам спектакль қойылады, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Театр фестивалінде елорданың және шетелдің 11 үздік ұжымы өнер көрсетеді. 28 қазан мен 1 қараша аралығында Нұр-сұлтан қаласында өнер сүйер қауымға «Астана Операның», Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ драма театрдың, Әзірбайжан Мәмбетов атындағы комедия театрының, Максим Горький атындағы орыс драма театрының, сондай-ақ елордалық театрлардың репертуарындағы ең үздік қойылымдар ұсынылады. Фестиваль қонақтары Малая Бронная атындағы Мәскеу драма театры және Сергей образцов атындағы Мемлекеттік академиялық орталық қуыршақ театры. Бес күн бойы елорданың барлық театр сахналарында спектакльдердің қойылымдары, шеберлік сыныптары, заманауи бейнелеу өнерінің көрмелері өтеді. Сонымен қатар, фестиваль аясында театрлар бірлескен конференция өткізіп, Қазақстанның театр өнерінің мәселелері мен одан әрі даму жолдарын талқылайды.