Дінмұхамед Көшкінбаев Бибігүл Төлегенова атындағы халықаралық вокалистер байқауының бас жүлдесін жеңіп алды

Елордада Бибігүл Төлегенова атындағы халықаралық вокалистер конкурсы аяқталды, деп хабарлайды "Хабар 24". Он бірінші рет өткен айтулы байқауда алматылық Дінмұхаммед Көшкінбаев топ жарды. Бұл конкурста Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстаннан 60-тан аса өнерпаз бақ сынап келген. Ұйымдастырушылардың айтуынша олардың дайындығы жоғары деңгейде. Бәрі де қазақ музыкасының үздік үлгілерін әлемге паш етуді көздейді. Сол арқылы композиторларымыздың шығармаларын насихаттауға үлес қоспақ. Шарт бойынша, жарысқа 19-32 жас аралығындағы вокалистер қатысты.