Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Қарағандыда өнер қайраткері Әшірбек Сығай атындағы театрлар фестивалі өтуде

Қарағандыда өнер қайраткері Әшірбек Сығай атындағы театрлар фестивалі өтуде

Қарағандыда еліміздің Еңбек сіңірген өнер қайраткері Әшірбек Сығай атындағы республикалық театрлар фестивалі өтуде, деп хабарлайды «Хабар 24». Тұңғыш рет ұйымдастырылған өнер бәйгесіне 15 театр қатысып жатыр. Алты күн болатын өнер бәйгесінің репертуары өте бай, түрлі тақырыптарды қамтиды. Көрермендер күніне үш қойылымнан тамашалайды. Ал театр сыншылары мен өнер қайраткерлерінен құралған қазылар алқасы жүзден жүйрік шыққан шығармашылық ұжымдарды бірнеше номинация бойынша марапаттамақ. Таңдалған тақырып, сахналық киім үлгісі, декорация, актерлік шеберлігі, барлығы таразыға тартылады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, Әшірбек Сығай атындағы театрлар фестивалі енді әр екі жыл сайын өткізіліп тұрмақ. Ал кейін халықаралық деңгейге шығару жоспарда.