Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Елордада "Jastar jalyny-2021" шығармашыл жастар фестивалі өтуде

Елордада

ЖОО студенттерінен құралған 15 команда бір апта бойы 10 аталым бойынша бақ сынайды. Оның ішінде: эстрада, ұлттық би, заманауи би, музыкалық аспаптар, айтыс, поэзия, медиа, театр, сурет салу, жастар күші. Қатысушыларды Мәдениет және өнер қайраткерлері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері, кәсіби хореографтар бағалайды. Биылғы ауқымды фестиваль ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған. Оны Нұр-Сұлтан қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен Қазақстанның жастар фракциясы ұйымдастыруда. "Nomad City Hall" концерт залында ашылған фестиваль 18 қазанға дейін жалғасады.