Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Студенттер күйші Шәміл Әбілтаймен кездесу өткізді

Студенттер күйші Шәміл Әбілтаймен кездесу өткізді

Ахмет Жұбанов атындағы музыка мектебінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «Домбыра» кафедрасының студенттері күйші Шәміл Әбілтаймен кездесу өткізді. Бұл туралы «Ана тілі» газеті жазды. Күйші кездесуге өзінің Польшада жарық көрген «Қазағым» атты күйтабағын ала келіпті. Күйтабаққа «Қазағым», «Тоқай тағдыр», «Матай», «Айжарық», «Өрікгүл», «Керуен», «Жігер» атты жеті күйі енген. 


«Домбыра» кафедрасының меңгерушісі Төлепберген Тоқжановтың айтуынша, бұл «Орындаушылық өнер тарихы» сабағы аясында ұйымдастырылған кездесу.

"Көзі тірі қазақтың мэтрларын қонаққа шақырып, балалар көкейіндегі сұрағын қояды. Конспект жазып отырғаннан гөрі, бұл өте қызық. Емтихан кезінде әр өңірдің ерекшеліктеріне, күй қағысына назар аударылады. Мұның барлығы қазақ балаларының көкейіне білім қонса деген ізденістен туған дүние", – деді ол.