Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Қарағандыда «Әуенді Сарыарқа» атты халықаралық фестиваль басталады

Қарағандыда «Әуенді Сарыарқа» атты халықаралық фестиваль басталады

19 қазанда Қарағандыда дәстүрлі «Әуенді Сарыарқа» атты XXII халықаралық фестиваль басталады. Төрт күн бойы көрерменге түрлі жанрдағы музыка ұсынылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Фестиваль Кеншілер мәдениет сарайында дәстүрлі әншілердің қатысуымен өтетін концертпен ашылады. 20 қазанда «Шалқыма» концерт залының сахнасында Тәттімбет атындағы Қазақ халық аспаптарының академиялық оркестрі өнер көрсетеді. Ал циркте Қарағанды Джаз оркестрінің концерті ұйымдастырылады. 21 қазанда «Шалқыма» концерт залында Еркеғали Рахмадиев атындағы симфониялық оркестрдің концерті өтеді. Солист – халықаралық байқаулардың лауреаты Мирослав Култышев (фортепиано, Мәскеу қ.). Фестивальдің жабылу салтанаты 22 қазанда өтеді деп жоспарланған. Циркте «Арқа сазы» фольклорлық ансамблі мен «Аққу» фольклорлық-хореографиялық ансамблі өнер көрсетеді. Кеш қонағы – Тәжікстан Республикасының Мәдениет саласының үздігі Хайролла Дадобоев (соқпалы аспаптар, Душанбе қ.).