Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Елордада жаңа театрдың тұсауы кесілді

Елордада жаңа театрдың тұсауы кесілді

Елордада Qanattylar атты жаңа театрдың тұсауы кесілді. Еліміздегі ерекше жандардың талантын ашуға бағытталған театр труппасына бар¬лығы 18 актер қабылданған. Алдағы уақытта өнерлі жандармен толықтырылады. Тағы бір қуанышты жаңалық – ел ішінен ерекше таланттарды іздеп қана қоймай, болашақта елордадағы Қазақ Ұлттық өнер университеті ішінен ерекше жандарды актерлік мамандық бойынша кәсіби түрде оқытып, диплом беретін арнайы кафедра ашу мәселесі қолға алынуда. Айта кетейін, жаңа театр ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Гүлнар Салықбайдың «Қанаттылар» музыкалық-поэтикалық қойылымымен ашылды. Оның тұсаукесеріне Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қатысқан, деп жазады "Егемен Қазақстан" газеті.