Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Андреа Бочелли Қазақ Мемлекеттік симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен өнер көрсетті

Андреа Бочелли Қазақ Мемлекеттік симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен өнер көрсетті

Дубайда өтіп жатқан EXPO DUBAI көрмесінде Believe World Tour турының аясында, опера әншісі Андреа Бочеллидің концерті өтті. Ауқымды іс-шараға Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақ Мемлекеттік симфониялық оркестрі қатысты. Жаhан жұртшылығын әсем дауысымен баурап алған танымал әнші Андреа Бочелли оркестрдің сүйемелдеуімен өнер көрсетті. Сонымен қатар EXPO DUBAI әлемдік көрмесі шеңберіндегі іс-шаралар аясында өткен ауқымды концертте Андреа Бочелли әлемдік опера майталмандарының танымал туындыларын және өзінің жаңа Believe альбомындағы әндерді орындады. Әйгілі итальяндық тенордың Қазақстаннан келген симфониялық оркестрмен бірге ұсынған бұл қойылымы V халықаралық PaRus музыка фестивалінің басты мәдени оқиғаларының бірі болды.