Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Венесуэлада құрамында 12 мың музыканты бар оркестр Чайковскийді орындады

Венесуэлада құрамында 12 мың музыканты бар оркестр Чайковскийді орындады

Венесуэланың астанасы Каракаста құрамында 12 мыңнан астам музыканты бар оркестр Петр Чайковскийдің «Славян шеруін» орындады. Концерттің тікелей көрсетілімін жергілікті телеарна жүргізді. Оркестрге осыншама адамның қатысып, бір уақытта түрлі аспапта ойнауы бұрың соңды болмаған оқиға. Сондықтан іс-шараны ұйымдастырушылар концертке Гиннестің рекордтар кітабының өкілдерін де арнайы шақырыпты. Венесуэланың Мәдениет министрі Эрнесто Вильегастың айтуынша, музыканттар осы іс-әрекетімен әлемге Отанға деген махабатын жеткізбек болған.