Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Елордада «Абай жолы» әдеби-музыкалық клубы өз жұмысын бастады

Елордада «Абай жолы» әдеби-музыкалық клубы өз жұмысын бастады

Халықаралық Абай қорының ұйымдастыруымен елордада «Абай жолы» әдеби-музыкалық клубы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Осыған орай Ұлттық академиялық кітапханада клубтың алғашқы дөңгелек үстел отырысы өтті. Абай мұрасын ұлықтаған рухани шараға, жоғары оқу орындарының студенттері мен ақын-жазушылар қатысты. Жиында Абай өлеңдері жатқа оқылды. Әдеби-музыкалық клубтың басты мақсаты Абайдың мұрасын жастардың санасына сіңіріп, одан әрі өркендету. 

"Әр қазақстандық Абайдың шығармаларын біліп, оқып өсуі тиіс. Алдағы уақытта «Абай жолы» әдеби-музыкалық клубының кездесуі әр бейсенбі сайын өтіп отыратын болады. Сонымен бірге шетелдегі «Абай» орталықтары мен бірлесіп, Абай атамыздың кемел тұлғасын насихаттауды және қандастар арасында осындай шаралар өткізуді жоспарлап отырмыз», дейді «Абай жолы» клубының жекешісі әрі тұрақты модераторы Бекзат Смағұл.