Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

«Астана операда» «Алпамыс» ұлттық операсының премьерасы өтеді

«Астана операда» «Алпамыс» ұлттық операсының премьерасы өтеді

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Астана Опера» премьера әзірлеуде. Кәукен Кенжетаевтың либреттосына Еркеғали Рахмадиевтің «Алпамыс» операсы көрерменге 3 және 4 желтоқсанда ұсынылады. Спектакль Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Ресейдің Халық әртісі, әйгілі режиссер Юрий Александровтың қойылымында өтеді. Сондай-ақ қойылым тобының құрамында: дирижер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдин, режиссердің кеңесшісі – Найля Рахмадиева бар. Ұлттық эпостық кейіпкер Алпамыс батырға арналған опера қызықты сюжетімен, бақыт, еркіндік пен туған жер үшін қазақ халқының күресі мен махаббатын жырлайтын музыкалық драматургиясымен тартымды болмақ. Қазір қойылымға қызу дайындық жүріп жатыр.