Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

«Astana Musical» «Сиқырлы сазды хор-концерт» ұсынады

«Astana Musical» «Сиқырлы сазды хор-концерт» ұсынады

18 қарашада «Қазақстан» орталық концерт залында «Astana Musical» театрының «Сиқырлы сазды хор-концерті» өтеді. Бұл кеште көрермендер жаңа форматтағы театрландырылған шоуды тамашалай алады. «Astana Musical» әртістері танымал әрі көпшілік сүйіп тыңдайтын әндерді орындап, көрермендерді вокалдық шеберліктерімен таңғалдырмақ. Хор-концерттің бағдарламасына жаңа өңдеудегі халық әндері, әлемдік хиттер мен мюзикл ариялары, ретро-композициялар, белгілі заманауи әндер енген. Бұған қоса, әсем әуендерге толы хор-концертте театрландырылған қойылымдар көрсетіледі. «Astana Musical» мемлекеттік театрының көркемдік жетекшісі- Есләм Нұртазин; бас хормейстер – Алмат Абишев.