Нұр-Сұлтанда «Temps Lié» фестивалі өтуде
Кәсіби хореографиялық оқу орындарының халықаралық «Temps lié» фестивалі «Раушан гүлі мен көбелектің романы» бірегей спектаклінің премьерасымен шымылдығын түрді, деп хабарлайды Qazaqtv.com Жаңа балеттің тұсаукесері «Астана Балет» театрының сахнасында өтті. Айта кетейік, Мариус Петипаның қойылымы музыкасының авторы – Рикардо Дриго. Ал хореографиялық редакциясы сала майталманы Василий Медведевке сеніп тапсырылды. Бірегей шығармашылық ұжымның ойын Қазақ ұлттық хореография академиясының жас артистері орындап шықты. Фестиваль Қазақстан тәулсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған. Сонымен қатар ол 19 қарашаға дейін жалғасады. Мәдени шара аясында оффлайн және онлайн форматта жетекші қазақстандық және шетелдік хореографтардың ашық дәрістері мен шеберлік сабақтары өтуде.