Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Алматыда «Салтанат» би ансамблінің шығармашылық кеші өтті

Алматыда «Салтанат» би ансамблінің шығармашылық кеші өтті

Алматыда «Салтанат» би ансамблінің кезекті кеші өтті. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған шарада өнерпаздар әр халықтың ұлттық биін билеп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді, деп хабарлайды Almaty.tv Жұртшылыққа тарту ретінде 3 бидің тұсауы кесілді. Шығармашылық ұжым мұнымен тоқтамай, 20 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында кеш өткізуді жоспарлап отыр. «Салтанат» би ансамблінің мүшесі Аида Ажмағамбетованың айтуынша, ұжым концертке 2 ай дайындалып, көрерменге жаңа қойылымдарын ұсынды. Олардың арасында «Жайлаудағы той» бар. Онда ұлтымыздың қыз қуу, көкпар, бәйге секілді ойындары би өнері арқылы көрсетіледі.