Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Алматыда «Жылдың музыкалық мезгілдері» жобасы таныстырылды

Алматыда «Жылдың музыкалық мезгілдері» жобасы таныстырылды

Қазақстандық опера әншісі Зарина Алтынбаева «Жылдың музыкалық мезгілдері» атты халықаралық жобаға қатысып жатыр. Фильмде ол италиялық композитордың ариясын орындайды. Алматыда KINOPARK IMAX ESENTAI-дың қолдауымен осы фильмнің премьерасы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24» Жобаны италиялық продюсерлер жүзеге асырады. Оның басты мақсаты пандемия кезінде үзіліп қалған әр елдің арасындағы мәдени байланысты қайта жаңғырту. Италияның Тоскана өңірінде түсірілген фильм 5 бөлімнен тұрады. Бұл жерде Монтекатини секілді көне қала бар. Осы қалада опера өнерінің классигі Джакомо Пуччини туып өскен. Әлемдік операда танымал орындаушылар көне спа-шипажайдың жанында тұрып неше түрлі арияларды айтады. Фильмнің бір бөлімі балетке арналған.