Жамбыл атындағы филармонияда Манарбек Ержановты еске алу кеші өтеді

27 қарашада Жамбыл атындағы филармонияда әнші, композитор, күйші, актер, Қазақстанның халық артисі Манарбек Ержановтың 120-жылдығына арналған «ӘН СҰҢҚАР» атты концерт өтеді. Шараға халықаралық байқаулардың лауреаттары Ержан Әлімбетов, Мақпал Қазыбекқызы, Біржан Бәзілжанов және тағы басқалары қатысады. Концерттің бағдарламасына Манарбек Ержановтың шығармалары және Естай, Ақансері, Біржан сал әндері енді. Шараның ерекшелігі - кеш лекция-концерт түрінде өткізіледі.