Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Еркеш Шәкеевтің музыкасы Ұлыбританияда өтетін халықаралық фестивальде шырқалады

Еркеш Шәкеевтің музыкасы Ұлыбританияда өтетін халықаралық фестивальде шырқалады

Еркеш Шәкеевтің музыкасы 2022 жылы 20-22 мамырда Ұлыбританияда өтетін International Composers Festival атты композиторлардың халықаралық фестивалінің ашылуында шырқалады,деп хабарлайды Tengrinews.kz Бұл туралы фестиваль ұйымдастырушысы композитор Поло Пиатти ресми түрде жариялады. Лондон фестивалінің ұйымдастырушылары бұл туындыны 2019 жылдың мамырында Алматыда өткен қайырымдылық концертінде, ұлыбританиялық пианист Оливер Пол ойнаған кезде тыңдаған. Алғашында фестиваль бағдарламасына үш композицияны қосу жоспарланған: Remember Me, Zingarella және My Princess вальсі. Алайда пандемияға байланысты фестиваль екі жыл қатарынан өтпеді. Есесіне қатысушылар саны артқан. Сондықтан фестиваль ашылған күні Zingarella ғана орындалады. Партитуралар АҚШ-қа оркестрді басқаратын әйгілі дирижер Даниэль Бутке жіберілді.