Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Шымкенттің жастар театры «Ыбырай» пьеасасын сахналады

Шымкенттің жастар театры «Ыбырай» пьеасасын сахналады

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен қазақтың тұңғыш ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай шымкенттік «17» жастар театры «Ыбырай» драма-оммажын сахналады, деп хабарлайды Adyrna.kz Ыбырайдың татар тіліндегі оқулықтан бас тартып, қазақтың болмысына сай кітап жазуы, білім тарату жолындағы күресі көрермендерге ой салды. Драматург Мәдина Омарованың айтуынша, пьеса жастар театрының директоры, әрі көркемдік жетекшісі Рүстем Әуелбековтің ұсынысымен жазылған. Ал, қоюшы режиссер Фархадбек Қанафин «17» жастар театрымен екінші мәрте шығармашылық байланыс орнатып отыр. Бұған дейін «Тастамашы мені ана» спектаклін сахналаған. Айта кетейін, «17» жастар театры 2018 жылы құрылған. Репертуарында онға жуық спектаклі бар театр, «Ыбырайды» республиканың түкпір-түкпірінде сахналауды жоспарлап отыр.