Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Елордада «Бөрте» спектаклі қойылды

Елордада «Бөрте» спектаклі қойылды

Елорданың Қаллеки театрында Түркістан музыкалық драма театры «Бөрте» спектаклін көрермендерге ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ұлы билеуші Шыңғысханның жары Бөрте туралы пьесаны драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Дулат Исабеков жазған. Онда Шыңғысхан мен Бөртенің бала кезінде танысуы, шаңырақ көтеруі және сол кездегі ұлы тарихи оқиғалар сипатталған. Сондай-ақ, данагөй Бөртенің Ұлы қағанның өмірінде атқарған шешуші рөлін көрсетеді. Ал қоюшы режиссер ретінде Италиядағы Генуя ұлттық театрының директоры, белгілі режиссер, актер әрі композитор Давиде Ливерморе, екінші режиссер ретінде Америкада, Германияда өз қолтаңбасын қалыптастырған италиялық Карло Шаккалуга шақырылған. Ал спектакль музыкасын композитор Хамит Шанғалиев арнайы жазды