Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Елордада «Тәуелсіздікке арнау» атты концерт өтеді

Елордада «Тәуелсіздікке арнау» атты концерт өтеді

26 қарашада «Қазақстан» орталық концерт залында «Тәуелсіздікке арнау» атты концерт өтеді. Сахнада «Астана сазы» мемлекеттік фольклорлық ансамблі өнер көрсетеді. Композитор Бауыржан Ақтаевтың көркемдік жетекшілігімен ансамблдің солистері домбыра, саз сырнай, қылқобыз, шертер, прима қобыз, шаңқобыз, ұрмалы аспаптар, бас домбыра сынды ұлттық аспаптарда ойнау шеберлігін көрсетеді. Концертте «Қара торғай», «Жаппас», «Памирская», «Шаңқобызға арнау», «Науысқы», «Қайран елім», «Желдірме» және тағы басқа мазмұнды әрі әсерлі туындылар орындалады.Сондай-ақ бұл кеште Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Светлана Айтбаева, Ерлан Рысқали, ҚР Мәдениет қайраткері Ерболат Шалдыбеков және Дінисламбек Жайлаубай сынды белгілі әншілер өнер көрсетеді.Жаңа концерт жаңа форматта өтеді. Оның басты ерекшелігі – көрермендер концертті әртістермен бірге сахнада отырып тамашалап, концерттің тікелей қатысушысы бола алады.