Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Роза Бағланованың 100 жылдығы ЮНЕСКО мерейтойлар тізіміне енді

Роза Бағланованың 100 жылдығы ЮНЕСКО мерейтойлар тізіміне енді

Сурет: Inform.kz

ЮНЕСКО-ның 41-ші Бас конференциясының арнайы қарарымен 2022-2023 жылдарға арналған халықаралық мерейтойлар тізімі қабылданып, оған Қазақстанның ұсынысымен әнші Роза Бағланованың 100 жылдығы енді, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.  Қазақстанның Франциядағы Елшісі және ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілі Жан Ғалиев Бас конференцияға ұсыныстарымызды қолдағаны үшін алғыс білдіріп, мүше мемлекеттерді және Ұйым хатшылығын аталған мерейтойлар аясында елімізде және шетелде өткізілуі жоспарланып отырған іс-шараларға қатысуға шақырды. Естеріңізге сала кетейін, бұдан бұрын еліміздің өнер ұжымы «Қазақконцертке» Роза Бағланованың есімі берілгені хабарланған болатын.