Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Шымкентте "Қамар сұлу" операсы сахналанды

Шымкентте

Шымкент қалалық опера және балет театрында Еркеғали Рахмадиевтің «Қамар сұлу» операсы сахналанды, деп хабарлайды Ernur.kz Бұл опера премьерасы алғаш рет 2013 жылы қойылып, қоюшы режиссерлері ҚР халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ғафиз Есімов пен ҚР еңбек сіңірген әртісі Махинұр Рахманова болды. Бұл жолғы премьераны Ресей режиссеры Михаил Панджавидзе өзінің ерекше стильді идеясымен Еркеғали Рахмадиевтың 90 жылдығына орай өнер сүйер көпшілікке паш етті. Сахнада өнер көрсеткен - Шымкент қалалық опера және балет театрының солистері, хор труппасы, балет және симфониялық оркестрі.