Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы Германияда тойланды

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы Германияда тойланды

Қазақ музыканттары Берлин төрінде өнер көрсетті, деп хабарлайды «Хабар 24». Қазақ ұлттық өнер университетінің Еуразиялық симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен Айман Мұсаходжаева, Салтанат Ахметова, Рахат-би Әбдісағын секілді майталмандар Берлиндегі ең үлкен сахналардың бірінде өнер көрсетті. Айта кетейік, концерт Қазақстанның Германиядағы елшілігінің ұйымдастыруымен өткен еді. Жиналған жұрт Ахмет Жұбанов, Латиф Хамиди секілді қазақ классиктерінің туындыларын тыңдады. Ал опера әншілері өздерінің ерекше даусымен көпшілікті тамсантып, таңдай қақтырды. дүлділ домбырашыларымыз келген қауымға қазақ даласының күйін асқан шеберлікпен орындап берді. Қазақ өнерінің майталмандары енді Анкарадағы үлкен театрға атбасын бұрады. Бұл ұжым Венедада концерт беруді жоспарлап отыр. Бірақ бұл локдаун режимі аяқталған соң ғана жүзеге аспақ.