Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Ақтөбе театрында детектив қойылды

Ақтөбе театрында детектив қойылды

Тахауи Ахтанов атындағы облыстық драма театрында «Болашаққа хат» спектаклінің премьерасы болды, деп жазады Aqtobegazeti.kz Жас драматург Қолғанат Мұраттың детектив жанрындағы аталған туындысы ақтөбеліктерге үш күн қатарынан ұсынылды. Облыстық драма театры директорының орынбасары Жандос Еспанбетовтің айтуынша, қылмыстық оқиғаға негізделген мұндай жанрдағы спектакль Ақтөбе театрында алғаш рет сахналанып отыр. Спектакльдің қоюшы режиссері— Елтай Кемал. Айта кетейік, таяу уақытта Тахауи Ахтанов театры көрермен қауымды Сая Қасымбектің «Жалаңтөс баһадүр» пьесасымен қуантқалы отыр. Премьера алдағы желтоқсан айында өтеді деп күтілуде. Бұл — ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған туынды. Қоюшы режиссері — Алматы қаласынан арнайы келген Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Мұрат Ахманов.