Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

«Астана балет» Орал қаласына гастрольдік сапармен келеді

«Астана балет» Орал қаласына гастрольдік сапармен келеді

Желтоқсанның 8-інде «Астана балет» театрының шығармашылық ұжымы Орал қаласына гастрольдік сапармен келеді. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Атамекен» өнер ордасында ұлттық хореографияның үздік үлгілері паш етіліп, бір актілі неоклассикалық балет қойылады. Бірінші бөлімде театрдың әйгілі «Ұлы дала мұрасы» концерттік бағдарламасы көрермен назарына ұсынылады. Бағдарламаға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, елімізде қазақ биін қоятын үздік хореографтардың бірі айгүл Тәтидің туындылары енген. Аудармасы баяу жалын деген мағынаны беретін «A Fuego lento»- аргентиналық лы композитордың музыкасына қойылған, бразилиялық самбо және танго элементтері бар балет. Бұл қойылым арнайы шақрылған хареограф Рикардо Амарантенің ғашық жандардың бойын билеген ыстық сезімі жайлы еркін қиялынан туған. Туынды әйгілі сахналарда көрсетіліп, көрерменнің зор қошеметіне бөленген