Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Мария Мудряк Дубайдағы ЭКСПО көрмесінде өнер көрсетеді

Мария Мудряк Дубайдағы ЭКСПО көрмесінде өнер көрсетеді

"Астана Опера" театрының танымал солисі Мария Мудряк Дубайдағы ЭКСПО көрмесінде өнер көрсетеді. Бұл туралы әншінің журналистерге берген сұхбатында белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ол бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне алдағы  жоспарларын айтты. Дубайда өнер көрсеткеннен кейін Мария Мудряк Өскеменде концерт бермек. Содан кейін әнші Бельгияның Корольдік театрында өтетін Риголетто қойылымына дайындалу үшін Миланға ұшуды жоспарлап отыр. Естеріңізге сала кетейін, "Астана Операда" Мария Мудряктың "Саған арнаймын, менің Қазақстаным!" атты жеке концерті өткен болады. Қазақстанның тұңғыш президенті күніне және ел Тәуелсіздігінің отыз жылдығына арналған концертті елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тамашалады.