Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Германияда қазақстандық композитордың операсының премьерасы өтеді

Германияда қазақстандық композитордың операсының премьерасы өтеді

Германияның Гамбург қаласында қазақстандық композитор Әйгерім Сеилова өзінің ағылшын тіліндегі опера мультимедиясын ұсынады. 360 градустық дыбысқа негізделген жаңа мәнердегі классикалық музыка шығармасының премьерасы 2 желтоқсан күні өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Өнерсүйер қауым жанды әуен мен электронды дыбыстардың үндестігіне қанығып, виртуалды музыкалық саяхатқа сапар шегеді. Ауқымды әрі әсерлі бағдарламаны құруға 25 халықаралық деңгейдегі музыка майталманы жұмылдырылған. Оны жүзеге асыруға екі жылдай уақыт кеткен. «Бұл 90 минуттық шығарма бейнеинсталяция негізінде құрылып, солистік аспаптар, опера орындаушылары, шағын камералық оркестрге арналып жазылған. Яғни сценографияны толығымен видео әртіс алмастырады. Сондай-ақ электронды акустика әсері қолданылады. Жанды дыбыспен қатар, түрлі сенсор арқылы электронды дыбыстар қосылады», - дейді композитор Әйгерім Сеилова. Отандық сазгер туындының тұсаукесерін ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырып отыр.