Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Жазушыларға жаңа әдеби сыйлық тағайындалмақ

Жазушыларға жаңа әдеби сыйлық тағайындалмақ

Елімізде жазушыларға арналған жаңа әдеби сыйлық тағайындалмақ. Жүлде соңғы 120 жылдық кезеңді қамтитын роман жазған қазақстандық авторларға беріледі.  Конкурс жеңімпазы айына 500 АҚШ доллары мөлшерінде өмір бойы рента алады, деп жазды inbusiness.kz.   Жоба авторы Ерлан Асқарбековтың айтуынша мұнда қазылар болмайды. 2022 жылдың сәуірінде әдебиет жанашырлары мақұлдаған барлық авторлардың жұмыстары оқырмандар дауыс беру үшін mecenat.kz сайтында жарияланады. Бір ерекшелігі оқырмандар 1 рет қана дауыс бере алады. Тек сайтқа тіркелген, SMS-хабарлама көмегімен ел азаматтығын растаған пайдаланушылардың ғана дауыс беру мүмкіндігі бар. Әдеби жүлдеге қатысушыларға бірнеше талап қойылады. Оның ішінде шығарма жанры – роман болуы шарт, туынды 80 беттен кем емес, азаматтық сипатта, яғни саясатқа қатысы болмауы шарт.  Жүлде мемлекеттік бюджетке тәуелді емес. Ұйымдастырушылар орталық мемлекеттік органдардан ақпараттық қолдауды ғана сұрауға ниетті. Жобаны атын атамауды сұраған меценат қаржылық қолдау білдірген. Шығармалардың мазмұндық жағы қазақстандық патриотизм және барша қазақстандықтарды Отансүйгіштік тақырыбының айналасына біріктіру. Жеңімпазға ақшалай жүлдемен қатар баспамен және кинопродюссерлермен келіссөз жүргізуге дайын болуы үшін авторлық құқық пен әдебиет агенттері бойынша мамандардан тегін шеберлік сабағын алады.