Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылы Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын беру туралы жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылы Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын беру туралы жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылы Қазақстанның Тұңғыш президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын беру туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Барлығы 75 мәдениет қайраткері: ақындар, жазушылар, актерлар, режиссерлер, суретшілер, музыканттар, қолөнершілер, айтыскерлер Қазақстанның Тұңғыш президенті стипендиясының иегері атанды.  Олардың арасында балет солисі Сүндет Сұлтанов, әнші, "Славян базары-2021" халықаралық байқауының жеңімпазы Рухия Байдукенова, домбырашы Ернат Наурыз бар. Айта кетейін, Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясы, Қазақстан Республикасының құрметті атақтары мен мемлекеттік наградаларына ие болған шығармашыл қызметкерлерді және мәдениет қызметкерлерін, сондай-ақ аса дарынды жас шығармашыл қызметкерлерді мемлекеттік қолдау мақсатында беріледі.