Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Almaty Symphony жаңа жылдық репертуарын La Boheme театрында ұсынады

Almaty Symphony жаңа жылдық репертуарын La Boheme театрында  ұсынады

27 желтоқсанда la Boheme театрының сахнасында Almaty Symphony музыкалық ұжымы жаңа жылдық репертуарын ұсынады. Концерт бағдарламасында тыңдаушыларға мерекелік көңіл күй сыйлайтын әуезді шығармалар бар. Дарынды музыканттарды біріктірген бірегей ұжым пайда болғалы жастардың классикалық концерттерге  қызығушылы артқан. Оркестр жетекші әлемдік сахналарда да өнер көрсетіп жүр.  Олардың арысында Нью-Йорктегі Карнеги холл, Канндағы фестиваль сарайы, Мәскеудегі Crocus city hall бар. Музыкалық ұжым АҚШ, Бразилия, Ұлыбритания, Франция, Монако, Біріккен Араб Әмірліктері, Үндістан, Таиланд, Катар елдеріне гастрольдік сапармен барып,  жергілікті тұрғындардың қошеметіне бөленді. Репертуарында түрлі дәуірлер мен жанрлардың шығармалары бар. Аlmaty Symphony Orchestra музыканттары белгілі бір үлгіге тәуелді емес және батыл шығармашылық тәжірбиені қуана  жүргізеді.