Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Алматыда Жаңа жыл мерекесіне орай 60-тан астам түрлі іс шара өтеді

Алматыда Жаңа жыл мерекесіне орай 60-тан астам түрлі іс шара өтеді

Алматыда Жаңа жыл мерекесіне орай 60-тан астам түрлі іс шара өтеді. Оның ішінде балаларға арналған ертеңгіліктер, театр қойлымдары, концерттер бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Мәдени іс-шаралардың бағдарламасы Алматы қалалық мәдениет басқармасының Instagram парақшасында жарияланған. Басқарма өкілдері санитарлық- эпидемиологиялық жағдайдың шиеленісуіне және «омикрон» штамының таралу қаупіне байланысты сақтық шараларын сақтауды еске салады. «Алматылықтарға вакцинацияны жалғастыру керек, ал бұрын егілгендер ревакцинациядан өту қажет. Вакцинация пунктері жұмысын жалғастырады»- делінген жазбада. Айта кетейін, 20 желтоқсан күні Алматыда бас шыршаның шамдары жағылды.