Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Астана Операда «Щелкунчик» балеті қойылады

Астана Операда «Щелкунчик» балеті қойылады

28 желтоқсанда Астана Операда «Щелкунчик» балеті қойылады. Хореография авторы – КСРО Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты Юрий Григорович. Эрнст Теодор Гофман ертегісінің желісі бойынша жазылған жаңажылдық «Щелкунчик пен тышқан патшасы» балеті балаларды ғана емес,ересектерді де қызықтырады. Балаларға ұнайтыны тірі ойыншықтар және сиқыршының жұмбақ тұлғасы. Ал ересектер үшін Чайковскийдің музыкасын қолдана білген Юрий Григоровичтің кәсіби жұмысы. Сонымен қатар бұл  жанның есеюі мен махаббатты сезіну туралы поэтикалық әңгіме. Мари ролін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мәдина Басбаева сомдаса, Щелкунчиктің ролінде– Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Еркін Рахматуллаев. Сондай ақ сахнада «Астана Опера» театрының оркестрі, хоры, мимансы және балалар хоры өнер көрсетеді.