Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

ASTANA OPERA Халықаралық опера академиясы бірінші оқу семестрін қорытындылады

ASTANA OPERA Халықаралық опера академиясы бірінші оқу семестрін қорытындылады

ASTANA OPERA Халықаралық опера академиясы бірінші оқу семестрін қорытындылады. Франческо Медда, Анатолий Гусев, Тимур Урманчеев cынды әйгілі педагогтердің оқу бағдарламасы жас әншілерге бар-жоғы үш айдан соң үлкен сахнада шеберліктерін паш етуге ықпал етті.  Атап айтқанда, академияның бес білім алушысы Бибігүл Төлегенованың XI халықаралық вокалистер байқауында лауреат атанды. Сондай ақ жас әншілер «Дегдар» гуманитарлық қоры ұйымдастырған «Сиқыр әуендері» қайырымдылық фестиваліне, «Алпамыс» ұлттық операсына қатысты. Ал  төрт жас өнерпаз өткен демалыс күндері Джакомо Пучиннидің «Богема» операсында өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ASTANA OPERA Халықаралық опера академиясының көркемдік жетекшісі Тимур Урманчеевтің айтуынша, жақын арада опера сүйер қауым жаңа дауыстарды есту мүмкіндігіне ие болады.  «Академияның қызметі қысқа мерзім ішінде елімізден тыс жерлерге белгілі болды. Алдағы 2023 жылы оқуға Қазақстаннан ғана емес, шетелден де жас дарындар көбірек  қабылданады деп сенемін»,-деді Тимур Урманчеев.