Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Түркістан облысының «Ұлы дала елі» орталығында «Алтын домбыраны» салтанатты түрде орналастыру рәсімі өтеді

Түркістан облысының «Ұлы дала елі» орталығында «Алтын домбыраны» салтанатты түрде орналастыру рәсімі өтеді

30 желтоқсанда Түркістан облысының «Ұлы дала елі» орталығында «Алтын домбыраны» салтанатты түрде орналастыру рәсімі өткізіледі. Шараға Халықаралық айтыс ақындары мен жыршы-термешілер одағының төрағасы Жүрсін Ерман мен айтыстың әділқазылар алқасының төрағасы Асанәлі Әшімов, Қазақстанның халық ақыны Әсия Беркенова, «Алтын домбыра» иегері Бекарыс Шойбеков және мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері қатысады деп күтілуде. Жыл сайын айтыскер ақындардың басын біріктіріп, «Алтын домбыра» аламанын ұйымдастыру дәстүрге айналған. Биыл Х айтыс Нұр-Сұлтан қаласы «Нұр Отан» партиясының қолдауымен өтті. «Алтын домбыраны» Бекарыс Шойбеков жеңіп алды. «Алтын домбыра» ақынның туған өңірінде келесі жылғы жеңімпаз анықталғанша сақталады. Сондай ақ аймақта түрлі мәдени-танымдық іс-шараларды өткізіліп, бірегей тарихи және мәдени мұрамызды дәріптеу, құндылықтарын арттыру бойынша жұмыстар жүргізіледі.