Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Қаңтар айында «Астана Опера» аспаптық музыка кештері мен қойылымдарын ұсынады

Қаңтар айында «Астана Опера» аспаптық музыка кештері мен қойылымдарын ұсынады

Қаңтар айында «Астана Опера» елорда тұрғындары мен қонақтарына вокалдық және аспаптық музыка кештерін, ересектер мен балаларға арналған спектакльдерді ұсынады. Атап айтқанда, Күләш Байсейітова атындағы камералық залда «Рождествоның сиқырлы сәттері», «Астана Операдағы» музыкалық кездесулер», «Жұбановтар әлемі»  және «Камин жанындағы кеш» атты концерттер өтеді. Ал жас көрермен назарына Сергей Прокофьевтің «Петя мен Қасқыр» танымал симфониялық ертегісі ұсынылады. Сондай ақ Доменико Чимарозаның «Жасырын неке» атты опера-буффасы өтпек. Романс жанрын сүйетін қауымды «Георгий Свиридов: романстың жаны мен әні» атты вокалдық музыка кеші күтуде. «Астана Операның» камералық оркестрі «Иоганн Себастьян Бах. Тартылыс күші» атты музыкалық кешін дайындауда.