Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Бүгін Абай атындағы опера және балет театрында «Щелкунчик» атты Рождестволық бал-спектаклі өтеді

Бүгін Абай атындағы опера және балет театрында «Щелкунчик»  атты Рождестволық бал-спектаклі өтеді

Сахнада Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, Үлкен театрдың жетекші-балеринасы Евгения Образцова өнер көрсетеді. Қойылым ресейлік балеттің аты аңызға айналған балеринасы  Майя Плисецкаяға арналған халықаралық Ballet Globe фестивалі аясында өтеді. Айта кетейін, «Щелкунчик»- әлемдегі сұранысқа ие балеттердің бірі. Оның партитурасы ұлы орыс композиторы Петр Чайковский мұрасының ең бағалы бөлігінің бірі ретінде музыкалық мәдениетке енді. Балеттің тұсаукесері 1892 жылы 6 желтоқсанда Санкт-Петербургтегі Мариин театрында өткен.