Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Қазақстандық музыкант қазақ музыкалық аспабын әлемге танытқысы келеді

Қазақстандық музыкант қазақ музыкалық аспабын әлемге танытқысы келеді

Сурет: Әділет Азбаевтың жеке мұрағатынан

Қазақстандық музыкант Әділет Азбаев әлеуметтік желілерде әлемге белгілі фильмдерің саундтрегі мен басқа да танымал музыкаларды қобызбен ойнайды. Бұл арқылы ол қобыздың танымалдығын арттырғысы келеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz  Әділет Азбаев - қобызшы, дирижёр. Ол Қазақстан Қарулы күштерінің Ұлттық әскери патриоттық орталығында әскери музыкант. Одан бөлек, алматылық жігіт Instagram-дағы парақшасында "Титаник", "Тақтар ойыны" сынды танымал фильмдер мен сериалдардың саундтрегін, түрлі классикалық шығармалар мен шетел музыкасын қыл қобызбен ойнайды.


Видеолар арасында қар, жел, есіктің дыбысын қобыздың үнімен естуге де болады. Әділет Азбаев парақшасына осындай музыканы жариялап жүргеніне көп уақыт болмаса да, соның өзінде-ақ қобызға қызығатындар саны артқанын байқайтынын айтып отыр.