Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

2022 жылы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығы атап өтіледі

2022 жылы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығы атап өтіледі

Қазақтың көрнекті жазушысы, академигі, драматургы, ғалымы және қоғам қайраткері Мұхтар Әуезов – 1897 жылы Семей облысында дүниеге келген. Жас кезінен бастап ізденіп, білімін кеңейтіп, өмірінің соңына дейін әдебиет саласында тынымсыз еңбек етті. Мектептің 5-ші сыныбында оқып жүрген кезде, оның алғашқы шығармасы «Дауыл» жарық көрді. Ал, ең алғашқы пьесасы «Еңлік-Кебек» деп аталады. Совет үкіметі билікке келген соң, Семей облысының саяси-қоғамдық өміріне белсене араласты. 1918 жылы Жүсіпбек Аймауытовпен бірге, «Абай» журналын шығара бастады. Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романы – қазақ әдебиетінің ең атақты туындысы болып саналады. Бұл романда – Абайдың өмірі және 19 ғасырдағы қазақ қоғамының тұрмысы сипатталған. Осы шығарма үшін ол сол кездегі ең құрметті марапаттардың бірі – Ленин сыйлығына ие болды. Айта кетейін, Мұхтар Әуезовтің шығармалары өз өзектілігін жоғалтқан жоқ, автордың пьесалары әлі күнге дейін театр сахналарында қойылып келеді.