Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Жазушы Әзілхан Нұршайықовтың 100 жылдық мерейтойына орай байқау жарияланды

Жазушы Әзілхан Нұршайықовтың 100 жылдық мерейтойына орай байқау жарияланды

Байқау 2022 жылдың 1 қаңтар мен 1 сәуір аралығында өтеді. Оған ЖОО студенттері, магистранттар, докторанттар қатыса алады. Байқауға Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» романынан таңдап алынған қысқаша үзіндіге иллюстрация ретінде фотосуреттер мен қолмен салынған суреттер қабылданады. Конкурс жұмыстарының сараптамасын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқытушылары мен профессорлары, сондай-ақ жазушының отбасы мүшелері жүргізеді. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі  15 сәуірде өтпек. Байқау туралы қосымша ақпарат  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің  сайтында жарияланған.