Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Елордалық театр «Алпамыс» қойылымын ұсынады

Елордалық театр «Алпамыс» қойылымын ұсынады

9 және 11 қаңтарда "Астана Опера" Еркеғали Рахмадиевтің «Алпамыс» операсын ұсынады. Ұлттық эпостық кейіпкер Алпамыс батырға арналған опера қызықты сюжетімен, бақыт, еркіндік пен туған жер үшін қазақ халқының күресі мен махаббатын жырлайтын музыкалық драматургиясымен тартымды болмақ. Сахнадағы аңыз Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Ресейдің Халық әртісі, әйгілі режиссер Юрий Александровтың қойылымында өтеді. Сондай-ақ қойылым тобының құрамында: дирижер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдин, режиссердің кеңесшісі – Найля Рахмадиева бар.